«Өнер сабырлы болуды қалайды»

Қазақстан Республикасының еңбек

сіңірген әртісі Рамазан СТАМҒАЗИЕВ:

photo_72206

Ел ықыласына бөленіп жүрген әнші Рамазан Стамғазиев жақында Атырауға келіп, әдемі кешін өткізді. Өнер иесінің әндерін тыңдауға жиналған көрермендер көп болды. Біз де өз кезегімізде әншінің қолы босаған сәтінде  сөзге тарт-тық.

Рамазан аға, сіздің әніңізді сүйіп тыңдайтын жұрт көп. Ал, сіз Ұлту Қабаевадан басқа қандай әншіні жиі тыңдайсыз?

– Қазақ сахнасына шыққан әрбір өнерпаздың өз орны, жөні бар. Өз стилі бар. Жинақтап алған репертуары бар. Әрқайсысының әндері қо-ғамға керек. Адамзаттың рухани дүниесін дамытатын сапалы әндерді айтып жүрген әншілеріміз баршылық. Бірақ, «сапасыз әуендер» де көп. Әнді талғамыма қарай тыңдаймын.

Сіз сахнада  өте ұстамды, салмақты  көрінесіз.

– Бала кезімде ұшқалақтау болдым. Әліптің артын күтпейтінбіз. Қазір өмір өзі тәрбиелеп алып келді. Әр дүниені қорыта білуді, сабырлықты үйрендік. Оның үстіне ән салып сахнада ғана жүргеніміз жоқ. Өзіміздің ұл-қызымыздан бөлек, өнерлі азаматтарды да тәрбиелейміз. Мұғаліммін. Сондықтан болар, жеңіл дүниеден гөрі, салмақты,  салиқалы дүниеге жаным жақын.

Өнерден басқа немен шұғылданасыз? Спортқа әуестігіңіз жоқ па?

– Өнерден бұрын, ең алғаш спортшы болғым келді. Бала кезімде еркін күреспен көп айналыстым. 56-81 келі салмақта облыстық деңгейде күресіп жүрдім. Кейін әскер қатарынан келгеннен кейін спорт екінші қатарда қалып қойды. Тек  әншілікпен кеттім.

Бизнеске икеміңіз қалай?

– Қазіргі кәсібім – ұстаздық. Өнерлі жастарды тәрбиелеймін. Ал, бизнеспен айналысып, сауда жасап көргенбіз, бірақ, ол біздің қолдан келмеді. Болашақта сол ұстаздығымды жалғастырып, жекеменшік мектеп ашатын болармын.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*