ҮНЕМШІЛДІК – БАРЛЫҚ ІСТЕ ҰТЫМДЫ

 

Жолдауда Мемлекет Басшысы Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдеріндегі күрделі жағдайлар, Еуропаны жайлаған миграциялық дағдарыстар, экстремистік топтардан әлемге төнген қауіп-қатерлерді саралап айтты. Осы қауіптерден дер кезінде қорғанудың өзектілігін көрсетті.

Қазіргі әлемдегі мұнай бағамы мен АҚШ валютасына байланысты қалыптасқан жағдайлар экономиканың тек қана табиғи қазба байлықтарға, мұнай саласына тәуелді болмауының қажеттілігін дәлелдеді. Сондықтан, Елбасы өз Жолдауында бизнесті, кәсіпкерлікті, жеңіл өнеркәсіпті дамытуды қолға алуға баса көңіл бөлді.

Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың жаңа оңтайлы бағыттары болуы тиіс. Оқу орындарында біз жастарға өз кәсібін ашудың бағыт-бағдарын беруіміз қажет. Жаңа Жолдау өз кәсібін ашуға ниетті жандарға жаңа жол көрсетті деуге болады. Анықтап қараған жанға елімізде бизнес пен кәсіптің үлкен мүмкіндіктеріне жол бар.

Елбасы атап өткендей, халықтың экономиканың қиын кезеңінде үнемділікті насихаттап, өнімді еңбек етуі, ынтымақ пен бірлік идеяларына берік болуы аса қажет. 2017 жылдан бастап жастарға кәсіптік-техникалық мамандықтарды тегін беру мәселесі де еңбекке жаңа көзқарасты қалыптастырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты шешуге ықпал етеді.

Осы Жолдаудағы тағы бір көңіл аударарлық тұс – әр өңірдің өзіне тән экономикалық бағыттарын терең, өзіндік ерекшелігіне сай дамыту. Атырау өңіріндегі мұнай-газ, көмірсутегі өндірісі бағыттары бойынша ғылым мен техниканың түрлі салаларын дамытуға болады. Екінші бір назар аударылған мәселе – антимонополиялық іс-шаралар. Монополиялар қазіргі күрделі жағдайда басқару менеджменті саясатын оңтайландырып, тиімді жолдарды қарастыруы қажет.

Бейбіт  МАМРАЕВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*