НАЗЫМ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

 

Әзербайжан, Польша, Тәжікстан, Ресей, Марокко елдері мен Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің басын қосқан байрақты бәсекеде отандастарымыз жеті алтын, алты күміс және сегіз қола медаль еншіледі. Алтыннан алқа тағынған жеңімпаздар арасында 60 келі салмақта жерлесіміз, атыраулық боксшы Назым Ищанова да бар. Айта кетсек, Назым ерік пен шеберлігін танытып, финалға жолдама алып, басты бәсекеге дайын екендігін байқатты. Алайда, оның қарсыласы ресейлік Анастасия Белиякова сырқатына байланысты жекпе-жектен бас тартуына орай жерлесіміз жеңімпаз ретінде танылды.  

Шапшаңдық, ептілік және күштілік сарапқа салынатын дүбірлі додада 83 қыз бақ сынасты. Бұл спортшылар үшін келер жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына апарар басты бәсеке болды.

– Біз әлем чемпионатында ел намысын қорғай алатын боксшы қыздар арасында іріктеу жүргіздік, – дейді бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк. –  Жарыс барысында олардың қабілеттерін байқап, шеберліктерін шыңдауға мол мүмкіндік берілді. Турнир де өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл елімізде бокс спортының тек ерлер арасында ғана емес, сонымен қатар, әйелдер арасында да қарқынды дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*