Назым Ищанова Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды

14-17 мамыр аралығында Астана қаласында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

2(12)

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 57 келі салмақта атыраулық боксшы Назым Ищанова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ширек финалда тағы бір Астаналық Забинбекова Айдананы 5:0 есебімен тізе бүктірсе, жартылай финалда қостанайлық Кухта Владиславаны оңай бағындырды.

Айта кету керек, Назым Ищанова 2016 және 2017 жылдары Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Ал жалпы биыл боксшыларды көптеген ірі турнирлер күтіп тұр. Соның бірі – Индонезия еліндегі Азия ойындары мен Үндістандағы әлем чемпионаты. Назым Ищанова осы аталған екі жарыстың бірінде ел намысын қорғайтын болады.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*