Назарбаев Зияткерлік мектебіне – 5 жыл

Биыл Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына бес жыл толды. Осыған орай, оқу орнында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Празднования пятилетия НИШ Атырау (454)

Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, білім беру басқармасының өкілдері, пилоттық мектеп директорлары мен ата-аналар жиналды.

«Тура бес жыл бұрын қоңыр күздің алғашқы айында, алғаш қоңырауын соққан Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің бес жылдығын толайым табыспен қарсы алуда. Соңғы бес жылда оқу орны аймақта үздік қазақстандық және халықаралық педагогикалық тәжірибені тарататын алаңға айналды. Әсіресе жаңартылған білім беру мазмұнына көшу бағытында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің мыңнан астам мұғалімдері зияткерлік мектеп базасында біліктілікті арттырды. Елбасы мектебі өңірдегі барлық мемлекеттік және түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнатты. Назарбаев мектебі Нидерландыдағы CIS Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өттіп, білім беру жүйесі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екендігін растады. Бір сөзбен айтсақ, өткен бес жыл біздерге өзімізді сынауға әрі аяққа нық тұрып қалыптасуымызға жұмсалды», – деп бастады өз құттықтауын мектеп директоры Айдарбек Айтбөкешев.

Празднования пятилетия НИШ Атырау (357)

Салтанатты шараға мектеп оқушылары, ұстаздар және ата-аналар қауымы бірдей атсалысып, мерекеге арналған концерттік бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ, мектепті бес жылдығымен құттықтауға келгендердің қатарында оқу орынның әжелер ансамбілі, «Мирас» балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілері де бар.

Өткен жылдарға шегініс жасап өзімізге есеп берсек, атқарылған жұмыс аз емес. Мектептің жүзден астам оқушылары түрлі деңгейдегі, республикалық және халықаралық дәрежедегі байқауларда жүлделі болды. Олар білім мен ғылым, спорт және өнерде де көш бастап отыр. Тек қана өткен оқу жылында мектепті 12 жылдық жүйемен бітірген 174 түлектің 134 жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік гранттарға ие болған. 7 оқушы Назарбаев Университетінің foundation бағдарламасынан кейінгі 1 курсқа қабылданып отыр. Ал биыл 1 400-ден астам үміткерлер бақ сынаған конкурстық іріктеуде үздік 120 оқушы сыннан сүрінбей өтіп 7 сыныпқа қабылданды. Қуантатыны сол жыл сайын өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге ынталы оқушылар саны көбейіп келеді. Олардың басым бөлігі шалғай ауылдардағы елді мекеннің тұрғындары, – дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Әнуар Жаманқұлов.

Айта кетейік, мұнайлы өңірде осыдан бес жыл бұрын ашылған Елбасы мектебін бүгінде 535 мектеп түлегі тәмамдаған. Олар қазір еліміздің және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*