НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ЖАҢА ОРТАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫН БАҚЫЛАЙДЫ

 

Жаңа орталықта меңгерушісімен қосқанда бес оператор қызмет жасайды. Олар тұрғындардың, яғни, емделушілердің талап-шағымдары бойынша  жұмыстанады. Мәселен, емханалар мен ауруханаларда  емделушілерге  медициналық қызмет көрсетуде орын алып отырған кемшіліктер немесе дәрігер ісіндегі келеңсіздік туралы телефон арқылы немесе жазбаша берген шағымдар тексеріліп, шағым иелеріне тиісінше жауап қайтарылады. Күні бүгін емделушілерден 417 арыз-шағым түсіп, олардың басым бөлігі тексеріліп, шағым иелеріне тиісінше жауап берілді.

Орталық кең жолақты,Civ спутниктік байланыс жүйесімен қамтылғандықтан, шағым иелері үшін бір уақытта, бір нөмірмен алты телефон (98-02-92) қызмет  көрсетеді. Сондай-ақ, телеэкран арқылы «жүгіртпе хабарлама» таратылып, әрі ақпарат жүйесі де пайдаланылады. Түйіндеп айтқанда, бұл жаңа орталық денсаулық сақтау саласында емделушілер мүддесіне қызмет көрсетудің сапасын бақылауда өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Ғазиз ЕСҚАЛИ,

 Атырау қалалық №7 емханасының бас дәрігері,

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*