Наурыз мейрамы кең көлемде тойланды (ФОТО)

Атырау облысында Наурыз мерекесіне орай облыс орталығы мен 7  ауданда 163  киіз үй құрылды. Оның 63-і Атырау қаласының еншісінде, шаһардағы 10 алаңда мәдени-көпшілік шара өтті,  деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

f1b08266-d28e-405a-ad8d-3af2ef839952

Мерекелік шаралар таңертеңгі сағат 10-да басталды. Мерекенің бас ордасы болған Сұлтан Бейбарыс алаңында екі күн бойы 23  киіз үй тігіліп, негізгі концерттік бағдарламадан бөлек театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Әр киіз үйдің алдында ұлттық ойындар ойналып,  спорттық жарыстарда жүлдегерлер анықталды. Әртістер өнер көрсетті,  жәрмеңкелер өтті. Ақшаңқан ағаш үйлерді өңірдегі шетелдік компаниялар, мемлекеттік және жеке мекемелер, қоғамдық ұйымдар да құрды.

a15fbef8-af10-4de2-aa00-3cb5fa34291c

Мерекелік шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау тілегін айтты.

-Наурыз – бабаларымыздан мұра боп қалған мейрам, бұл күні табиғаттың өзі жанданып,  тіршілік түлейді, адамдардың жүректері мейірім мен жылылыққа толады. Бүгін барлық қазақстандықтар ұлтына, дініне қарамастан,  Наурыз мейрамын тойлайды, – деді Нұрлан Ноғаев.

-Бүгін-ақ тілектер ақтарылатын күн.  Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қоғамның қай саласында болмасын ірі табыстарға қол жеткізді. Бұл жетістікке әрқайсымыздың қосқан үлесіміз бар,  өйткені бірлігі берік, өз күш-қайратына сенімді жандар ғана өсіп-өркендеген Қазақстанды құруға қабілетті.

547bc6d0-50ed-4b44-aa25-6c46cfdd1dab

Шара барысында ең әдемі киіз үй  анықталды. Бірінші орын жүлдегеріне 300 000 теңге, екінші орынға 200 000, үшінші орынға 100 мың теңге табысталды. «Ең дәмді наурыз көже», «Үздік театрландырылған қойылым» аталымдары бойынша да байқау жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болды.

Киіз үйлерде жылжымалы асүй орнатылды, халыққа бауырсақ, палау мен наурыз көже ұсынылды.

13e6c324-da92-44b3-99c6-2c57996b3769

Бас алаңнан бөлек қаладағы 10 алаңда бір уақытта мереке тойланды. «Сарайшық» коммуналдық базары маңында «Наурыз-жаңа күн» атты концерттік бағдарлама, «Олимпиадалық резерв» орталығы ғимараты алдында “Наурыз-береке бастауы” концерті өтті. «Сарайшық» коммуналдық базары басшылығы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, қала мектептері ұлыстың ұлы күнінің жоғары деңгейде аталып өтуіне үлес қосты. Арнайы орнатылған киіз үйлерде тегін бауырсақтар мен ұлттық тағамдар таратылды. Ұлттық спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

3a98a013-ce72-4dbb-bb99-46c2839d4b85

Қалада мереке кешке дейін тойланады. 19.00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында мерекелік концерт басталады. Наурыз мейрамына арналған шаралар сағат 23.00-де отшашумен қортындыланады.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*