Наубайханадағы жарылыс

АҚШ. Орегон штатындағы Портланд қаласында орналасқан көп қабатты наубайханада жойқын жарылыс болып, салдарынан 5 адам түрлі жарақат алды.

56318238b8a583a4f3c010bffcdd05b8_xl

Жараланғандардың үшеуі өрт сөндіруші екендігі анықталды. Бұл жарылысқа тұрмыстық газдың сыртқа таралып кетуі себеп болған. Жарылыстан кейін ғимараттан өрт шығып, оның қою түтіні аспанға будақтады. Нәтижесінде көршілес тұрған медициналық орталық пен бірнеше дүкенге зақым келіп, электр жарығы сөніп қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Полиция жұрттың наубайханаға жақындамауын ескертіп, оның төңірегін оқшаулап тастады.

Бақытжан Жұмат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*