НӘТИЖЕЛІ ІС – БЕЛСЕНДІЛІКТЕ

ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың Қостанай облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Бауыржан Тибеевтің айтуынша, үгіт жұмыстары тек облыс орталығын ғана емес, сондай-ақ аудан орталықтарын да қамтып отыр.

Президенттікке кандидаттық сенімді тұлғалары атап өткендей, үгіт-насихат жұмыстары еш кедергісіз, әрі заң бұзушылықтарсыз жүріп жатыр. Осы орайда аймақтардағы азаматтардың белсенділігін жеке атап өткен жөн.

* * *

ҚР Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы сайлауалды штабының сайлау науқаны бойынша міндеттері айқындалды.

Қызылорда облысындағы штабтың өзінде 11 сенімді тұлға белсенді жұмыс атқарып жатыр. Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасын түсіндіруден бөлек, штаб қызметкерлері Президенттікке үміткердің билбордтарының барлық жерде орналастырылғанын жіті бақылауда ұстайды.

* * *

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қызылорда облысындағы медициналық колледжде болды.

Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов колледждің қызметкерлері мен оқытушыларын өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

* * *

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті.

Кездесу барысында ол жиын қатысушыларын экология саласына негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.

Кездесуді қорытындылай келе,  кандидат  экологияның маңызына тоқталып, жиынға қатысушыларды жаһандық экологиялық мәселелерге шынайы көңіл бөлуге шақырды.

* * *

Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық штабы сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы сенімді тұлғалары оның сайлауалды тұғырнамасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын таратумен айналысуда.

* * *

Әбілғазы Құсайынов   өзінің  сайлауалды  үгіт жұмыстарын белсенді жүргізуде. Ол бұл шараны 27 наурыздаАлматыда бастап, алдымен минералды және ауыз сулар шығаратын «ОБИС» компаниясы ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, 30 наурызда Елордада «Астана-Зеленстрой» мекемесінде болды. 31 наурызда үміткер Қостанай облыстық драма театрында жұртшылықпен жүздесті. Ал, 1 сәуірде Қостанайда «Қостанай су» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерімен кездесті. Ал, 2 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Молсервис» компаниясы  және  «Севказэнерго» мекемесі ұжымдарына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, 3 сәуірде Петропавлда «Қызылжар су» кәсіпорнында болды. 4 сәуірде Әбілғазы Құсайынов Астанада кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссия өкілдерімен кездесті.

6 наурызда үміткер Қызылорда жұртшылығымен жүздесті. Әбілғазы Құсайынов өз сөзінде әлемдік экологиялық проблемаларға тоқталды, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, дүние жүзінде әлі де экологиялық мәселелерге жеткілікті назар аударылмай келеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*