Нарын құмындағы қарбалас

Атырау аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев қос өзен аралығын қоныстанған өңірдің биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

Isatayskiy-prognoz

Есепті мерзімде өнеркәсіп өнімінің көлемі 160,3 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 97,6 пайызды құрады. Барлығы 951,5 мың тонна мұнай және 33,1 млн.текше метр ілеспе газ өндірілді. Баламалы электр энергиясын өндіру жобасы бойынша «ВетроЭнергоТехнология» ЖШС Манаш учаскесінен жалпы құны 12,3 млрд. теңгені құрайтын станса құрылысын аяқтап, сынақ жұмыстарын жүргізуде.

Ауыл шаруашылығында 5,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,8 пайызға тұрақтады. Нақтысын айтқанда, 5 000 тонна шамасында ет және 3 600 тоннадан астам сүт өндіріліп, төрт түліктен мал басының өсіміне қол жеткізілген. Осы кезеңде 41 шаруашылыққа 59,5 млн. теңге сомасында субсидия беріліп, 2 500-дей мүйізді ірі қараға тұқымдық түрлендіру және селекциялық асылдандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл шаруаға қазынадан 270 млн.теңге бағытталған. Сондай-ақ, «Құлан» бағдарламасымен 52 жылқы, «Алтын асықпен» 463 қой және «Сыбағамен» 102 сиыр сатып алынған.

Биыл ауданда жалпы ауданы 45,6 гектар жерге егін салынып, былтырғыдан екі есеге жуық өскен. Егіндіктен 336 тонна өнім алынса, оның тең жартысынан астамын (192 тонна) бау-бақша дақылдары құраса, 102 тоннасы көкөністің еншісіне тиіп отыр. Сонымен бірге, 42 тонна көлемінде екпелі мал азығы өсіріліп, әзірленді. Мұның сыртында, ауданы 0,42 гектарды  құрайтын 3 жылыжай салынып, іске қосылды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 56,9 млн.теңге қаражат бөлініп, канал арналары толтырылған.

Екі шаруа қожалығы лизингтік жүйемен трактор сатып алды. Жеті балық аулау мекемесі белгіленген лимит аясында Каспий теңізі жағалауынан «су маржандарын» сүзіп, маусымдық жұмыстарға жергілікті тұрғындар қатарынан  370-тің үстінде адам тартылған. Ветеринариялық-эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру шараларына 42,1 млн.теңге қаржы жұмсалды.

Ауданда тіркелген 2 000-нан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінде 2 252 адам тұрақты еңбек етеді. Бюджет түсімі 323,3 млн.теңгені құрап, 11,4 пайызға көбейген. Жаңадан 6 кәсіпкерлік нысаны іске қосылып, жиырмаға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Кәсіпкер» бағдарламасымен 10 жоба мақұлданып, 48,2 млн.теңгеге қаржыландырылып отыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 93,2 млн.теңгенің 22 жобасы мақұлданған. Өз ісін ашып, жаңадан іске кіріскен кәсіп иелерін қолдауға 143,6 млн.теңге жеңілдетілген несие берілген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен бір жеке кәсіпкер 1,5 млн.теңгенің грантын ұтып алса, «Бастау-Бизнес» бағдарламасына қатысып, бағын сынаған үш бизнесмен өздеріне берілген 721,5 мың теңге грантқа қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған.

 

Дәулетқали Аруев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*