НАМЫС ОТЫН ОЯТҚАН ХАТТАР

 

Сіздің хатыңызды, сүйіспеншілікпен бата берген сөздеріңізді оқығанда біздің мақтаныш сезімімізді одан сайын күшейтті. Халық батыры Едіге, Исатай, Махамбет, Амангелдінің ерлік істері үлгі болды.
Біздер сіздердің хаттарыңыз арқылы тылдағы еңбектеріңізді естідік. Сіздердің майдан тілегіне сай жұмыс істеп, майданға көмекті күн санап күшейтудегі ерлік еңбектеріңізді оқып білдік. Сәйгүлік жылқыларды, жылы киімдерді, Эмбаның мұнайын берудегі, ауыл шаруашылығының өнімін арттырудағы жігерлі еңбектеріңізді естіп, қуанышқа бөленудеміз.
Біздер де ұлы сыннан қалысып жатқан жоқпыз. Тегеурін күшті тең басып, неміс басқыншыларын тынбай құртудамыз. Неміс басқыншылары біздің тегеурінімізге қарсы тұра алмай, батысқа қарай жөңкіле қашуда.
Біздер ұрыста қаһармандықтың, ерліктің, тапқырлықтың, батылдықтың, айлакерліктің бірнеше үлгілерін көрсеттік.
Даңқты Қызыл Армия өзінің жазғы шабуылын ұлғайтуда. Неміс басқыншыларынан ондаған қалаларды, мыңдаған селоларды күн санап азат етуде. Жеңіс күні жақын. Майдандағы ерлік күреспен, қаһармандықпен жеңіс сағатын жақындата түсеміз. Бұл – біздің сіздерге берген сертіміз. Сертті орындау – салтымыз.

Жауынгер Дүйсен
ЖИЕНБЕКОВ.
«Социалистік құрылыс»,
29 тамыз, 1943 жыл.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*