НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Білім және ғылым министрлігі жанындағы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтайыр Ахметов:  – Елбасы Жолдауында оқу орындары мен өндіріс ошақтарының тығыз байланыста болуы керектігіне аса назар аударылған. Бұл теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, дипломды мамандардың өндірісті бірден өз қолына алуына септігін тигізері сөзсіз, – деді.

Елбасы жас мамандардың терең білім алуына, сол білімін ел кәдесі үшін жаратуына қатты мән беріп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауында оқу орындарының материалдық- техникалық базасын жақсарту жайы да қамтылған. Республикадағы барлық оқу орындарының әлемдік талаптарға сай болуын жүктеді. Мәселен мен өзім «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияда магистратурада оқып келдім. Шетелде білім саласында бақылау жоқ. Біздің мақсатымыз – білім жүйесін Еуропалық, заманауи стандартқа сай ету», – деп өз ойын ортаға салды.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов та өз сөзінде «Қазақстан – 2050» стратегиясының 2015 жылға жоспарланған «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының уақытынан бұрын жұртшылыққа таныстырылуында өзіндік мән бар екенін атап көрсетті.

Экономиканы дамытуда үнемшілдік қажет, ысырапқа жол беруге болмайды. Тағы бір атап өтетін нәрсе, долларға табынатын кез өтті. Экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдауға арналып 2014-2015 жылдары 500 млрд. теңгеден екі несие үлесі бойынша 1 трлн. теңге  бөлу туралы шешім қабылдаса, басталған жобаларды аяқтау үшін Ұлттық қордан 500 млрд. теңге көлеміндегі шарттармен берілетін несие үлесін, яғни, екінші транш қаржысын шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 млрд. теңге бөлінбек. Бұл деген шексіз мүмкіндік! Тек қызмет ет, ел болашағына үлес қоса біл! Тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту – жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған зор мүмкіндік. Сондықтан, ерінбей, жалықпай оқып, білім алып, қызмет жасаңыздар. Елбасының Сіздерге жүктеп отырған сенімін ақтаңыздар», – деп жастарға Елбасы Жолдауының маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Биология ғылымдарының докторы, профессор София Сағындықова, Х.Досмұхамедов атындағы университеттің мұғалімі  Саясат Қарекенова, Әлем Тілдері факультетінің 3 курс студенті Жайна Түсіпбаева насихаттық топтың мүшелерінен көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Кездесуден кейін  өткен қоғамдық қабылдауда Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Әлтайыр Ахметов университет ұстаздары мен студенттерінің ұсыныстары мен сұрақтарына жауап беріп, көкейкесті мәселелерді министрліктегі тиісті орындарға жеткізуге уәде етті.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*