Нәтижелі жұмыспен қамту – басты назарда

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласып, Елбасы тапсырмасынан туындайтын міндеттерді орындауда атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар болдық.

26yarmarka-700x457

Өткен жылдың бірінші желтоқсанына облыстағы жұмыспен қамту орталықтарына барлығы 10097 жас хабарласып, оның 9440-ы немесе 93,5 пайызы жұмысқа орналасқан екен. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасымен барлығы 6420 жас қамтылды, оның 3267-сін ауыл жастары құрайды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтің айтуынша, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша өңірдегі қысқа мерзімді даярлық курстарына 851 жас жіберілді. Олар негізінен аспаз, шаштараз, тігінші, ағылшын тілі, визажист, кондитер, маникюр-педикюр, уқалаушы, ЭЕМ операторы, ағаш шебері, жөндеуші, дәнекерлеуші, құбырмонтаждаушы, монтаждаушы, электр монтаждаушы, электрик, жүргізуші сынды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылған. Осы уақыт ішінде жеті жүздей жас оқуын аяқтап, 444-і жұмысқа орналасты.

Былтырғы жылдың күзінен бастап кәсіби-техникалық білім беру үшін кәсіптік колледждерге 250 түлек оқуға жолдама алды. Олар бүгінде өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша оқуларын жалғастыруда. Екінші бағытпен 494 жас «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, оның 95-і бизнес жобаларын сәтті қорғап шықты. Соның нәтижесінде 55 адамға болашақ кәсіптерін бастауға мемлекеттен қаржылай несие берілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағытымен 9441 жас қамтылды.

***

− әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жастар – 242;

− Жастар практикасына алғаш тәжірибесін жинақтау мақсатында жолданған түлектер саны – 1149;

− қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер – 1828;

− бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандар – 6222;

Өткен жылдың басынан бері бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 44 рет ұйымдастырылды. Бұларға 8216 адам қатысты. Жәрмеңке арқылы тұрақты жұмыспен қамтылған 3860 адамның 2509-ы – жастар.

Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда аймақ бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрап отыр.

Бақытжан Жұмат

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*