«Нұрсаялық» тұрғындар көлік кептелісіне наразы (ФОТО, ВИДЕО)

Атыраудағы «Нұрсая» ықшамауданының тұрғындары редакциямызға қоңырау шалып, бүгін таңертеңнен бастап орын алған көлік кептелісіне наразы екендіктерін жеткізді. Оның басты себебі – «Нұрсая» шағын ауданында ашылған екі бірдей мектеп болып отыр, дейді олар.

21248429_819786068203741_4009550958714720435_o

Редакциямызға хабарласып, өзін Алма деп таныстырған «Нұрсая» ықшамауданының тұрғыны аталмыш ауданда бүгін таңертеңнен бері бұрын-соңды болмаған көлік кептелісі орын алып жатқандығын жеткізді.

– Біз тұрып жатқан «Нұрсаяда» өткен аптада екі бірдей мектеп ашылды. Оның біріншісі – жаңа ғимаратқа көшірілген мектеп-гимназия болса, екіншісі – №37 мектеп. Осы екі мектеп ашылғалы бері «Нұрсаяда» көлік қаптап кетті. Осы себепті, осы ауданда бұрын-соңды болмаған көлік кептелісі пайда болды. Үлкен ұлым осы көлік кептелісінің кесірінен таңертең жұмысына 50 минутқа кешігіп барыпты. Үлгермеймін деп түскі үзіліске де келмей қалды. Таңертеңнен бері көлік кептелісі бір ретке келер емес. Қазір түс уақытында да көлік қозғалысы қиындап тұр. «Нұрсаядағы» қос бірдей мектепке келетін көліктер бір толастамай тұр. Қала орталығына жетуден қалдық. Немерелерімізді де көшеге шығара алмай отырмыз, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

«Нұрсаялық» тұрғындар редакциямызға жіберген бейнежазбадан расында да ұзын-сонар көлік кептелісін көруге болады. Әсіресе, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық мектеп-гимназияның алдындағы көліктерден тұрғындардың аяқ алып жүре алмайтындығы анық көрініп тұр. Бейнежазбаға қарап сағаттап кептелісте тұрмыз деген көлік иелерінің сөзіне сенуге болатындай.

Осылайша, «Нұрсаялық» тұрғындардың бір тобы «енді біз тұратын ауданның өз мектебі бар» деп қуанып жатса, екіншісі бір тобы «осы мектептер ашылмай жатып көлік кептелісі орын алуда» деп реніштерін білдіруде.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*