Нұрсая ықшам ауданындағы 45 үй орталық жылу жүйесіне қосылды

Атырауда Нұрсая ықшам ауданындағы 45 үй орталық жылу жүйесіне қосылды. Құрылыс жұмыстары 14 желтоқсан күні аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-16 at 12.55.14

Қазіргі уақытта әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, Нұрсая ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстарын «Гарант Строй 2008» ЖШС мекемесі жүргізуде.

“Атырау жылу желілері” АҚ вице-президенті Әлібек Темірғалиевтың айтуынша, Нұрсая ықшам ауданын іске қосу оң нәтижесін береді.

Біріншіден Нұрсая ауданында автономды қазандықтар жиі бұзылып, жөндеу жұмыстары өте қымбатқа шықты. Екіншіден, автономды қазандықтарды пайдалану үшін білікті мамандар қажет, қалада маман тапшы. Үшіншіден, Нұрсая маңында автономды қазандықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге арнайы химиялық тазартылған су қажет. Бұл да қиындықтар тудырды. Қаланың орталық жылыт жүйесі болса, әрине, әр үйді бөлек қазандықтарды салудан гөрі біріктіріп, жалпылай қамту керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық бүлінген асфальт алаңдары қалпына келтіріледі, – дейді Әлібек Темірғалиев.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*