Нұрлан Ноғаев: “Тұрғындармен байланыс онлайн режимде жүргізіледі”

Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен брифинг барысында журналистерді жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен қарым-қатынасы туралы мәселе қызықтырды.

WhatsApp Image 2018-04-25 at 11.54.33

Өңір басшысының айтуынша, әкімдердің тұрғындармен кері байланысының ұтымды тәсілдерінің бірі – әлеуметтік желілер. Мұнда әрбір азамат өзін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. Сонымен бірге облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы кезіндегі қарым–қатынасы көптеген мәселерді шешуге ықпал етеді.

Жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кері байланыс механизмдерін жолға қою бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Егер жеке қабылдаулар туралы айтатын болсақ, 2017 жылы өңір тұрғындарымен 40-тан аса жеке қабылдау өткіздім. 400-ден астам адам облыс әкіміне әртүрлі сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара қарым-қатынас механизмін жақсарту бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Облыс әкімдігі Telegram қосымшасында чат-арна ашып, мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, басқармалар мен коммуналдық мекемелердің басшылары тұрғындардың сұрақтарына тікелей жауап береді. Қазіргі таңда чат-арнада 3100 пайдаланушы бар, 1500 сұрақ қаралды, – деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі өңірде аталған принциппен жұмыс жасайтын «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді қосымшасы қолданылатынын да айтып өтті. Қосымшаға 3162 пайдаланушы тіркелген. Бүгінгі күнге 600-ден астам сұрақ қаралды.

Өзі үшін маңызды сұрақпен хабарласқан әрбір пайдаланушы барлық қажетті ақпаратты ала алады. Жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың барлық сауалдарына жедел әрі сапалы жауап беру үшін кері байланыстың жаңа механизмдерін енгізу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізуде. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында онлайн құралдарға ерекше басымдық берудеміз, – деп нақтылап өтті Нұрлан Ноғаев.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*