Нұрлан Ноғаев: “Мектеппен қоштасу қалтаға салмақ салмауы керек” (ВИДЕО)

Соңғы қоңырауды кең көлемде атап өтудің қажеті жоқ. Аймақтағы білім беру саласы басшыларымен өткен жиналыста Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осындай ой айтты.

WhatsApp Image 2018-04-20 at 11.26.40 (1)

– Жақында кезекті оқу жылы аяқталады. Әр жыл сайын соңғы қоңырау салтанатын ұйымдастыру тақырыбы көтеріледі. Әрине, кез келген ата-ана, оқушылар да бұл мерекелі күнді жоғары деңгейде өткізгісі келетінін түсінеміз. Тіпті, кейбір ата-аналар осы шараларды өткізуге несие алады екен. Соңғы қоңырауды атап өтуге керек қажеттіліктерді сатып алуға, мейрамханаларда тойлауға қанша қаражат шығындалады? – деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімінің пікірінше, салтанатты шараны қарапайым түрде өткізуге де болады. Одан еш нәрсе маңызын жоймайды. Ата-аналарына өкпелеп жататын кейбір балаларға осыны дұрыстап түсіндіру керек.

– Мұғалімдерге сыйлық сатып алудың қажеттілігі жоқ. Қайта мұғалімдер мен мектеп басшылары оқушылармен, ата-аналармен әңгімелесулері тиіс. Әрине, бұл дәстүр бұрыннан бар, бірақ барлық отбасының әлеуметтік жағдайы бірдей емес. Біз мектеппен қоштасу – өмір жолының бастауы екенін түсіндіруіміз керек. Алда мектеп түлектерін аз қиындық күтіп тұрған жоқ. Міне, осы жайлы ойланған жөн. Алдымен балаларымыздың қауіпсіздігіне мән берейік, – деді аймақ басшысы.

Жиын барысында облыс әкімі білім беру саласы басшыларына оқу бөлмелерінің жөндеуіне ақша жинауға қатысты жауапкершілік алатындарын ескертті.

– Жыл сайын мектептердің ағымдағы жөндеуіне қаржы бөлеміз, өткен жылы осы мақсатқа 116 млн теңге бөлінді. Биыл 135 млн теңге. Қаражат әр оқу орнына жеке жіберіледі. Осы жеткілікті, ата-аналардан ақша жинауға қажеттілік жоқ. Мектеп директорлары мен білім беру саласының жауапты тұлғалары заңсыз ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, мектептің үздік түлектеріне ресми құрмет көрсету салтанаты биыл 15 маусым күні Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*