Нұрлан Ноғаев ұмыт болған Алаш қайраткерлерін насихаттау мәселесіне назар аударды (ФОТО)

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Атырау облысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Айдынды Атырау — айбынды Алаш!» Республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтті.

1

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында өткен шараның тұсау кесері Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғы сөзімен ашылды.

– Қадірменді өнер сүйер ағайын! Баршаңыз осындай келелі шараға қош келдіңіздер! Биыл Алаш автономиясының құрылғанына – 100 жыл. Өз өмірін ел тәуелсіздігі үшін сарқа жұмсап, өмірін ел үшін құрбан еткен ұлы бабалар әрдайым жадымызда.

_EAC1476

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында халқымыздың рухани өмірінде ұланғайыр жұмыстар атқарылып жатыр. Алаш ардагерлерінің кім екендігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, осы өңірден шыққан Халел, Жанша Досмұхамедовтер туралы оқып, еңбектерімен танысқан адам білетіні кәміл. Олар жайлы ақиқат Мұқағали айтқандай, әлі күнге архивтерде шаң басып жатыр. Соны анықтау, зерттеу — жас ұрпақтың парызы. Олар ата-баба құндылықтарын игеру үшін жағдай туғызуымыз керек. Мәселен, бүгінгі өнер фестивалінің де басты мақсаты — осы. Ұрпақ сабақтастығы осыдан басталса керек.

_EAC1585

Дәстүрлі өнерімізді өзіміз біліп, түйсініп, құрметтеп қана қоймай, оны насихаттап отырғанымыз да жөн. Бүгінгі фестиваль қатысушылары – Алаш ардагерлерінің рухын тірілтіп, жас ұрпақ санасына құюда үлкен жұмыстар жасап жүрген өнер қайраткерлері. Өнер мейрамына қатысушыларға, оны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын,-деді өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы.

_EAC1389

Алаш ардагерлері рухына арналған өнер мерекесінің беташары – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткері, айтулы айтыскер, жыршы-термеші, КСРО Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің көзін көріп, батасын алған сүйікті шәкірті Қатимолла Бердіғалиевтің орындауындағы халық әні «Баянауыл».

_EAC1423

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева да Үкілі Ыбырайдың «Сұлу Көкше» әнімен тыңдарман құлағының құрышын қандырды. Көрерменнің қолпаштауымен КСРО Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің әншіге аманат еткен әні «Асылжан» шырқалды.

_EAC1731

Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың сөзіне жазылған Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші-сазгер Елемес Мағазовтың әні «Аманғалидың монологын» сазгер өзі орындады. Жұртшылықтың ризашылығы олардың дуылдаған қошеметінен көрініп тұрды.

3

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Исатай ауданының Құрметті азаматы, жезтаңдай әнші Гүлмайдан Сүндетова халық әні «Ағайшаны» орындады.

_EAC1764

Ақын Асантемір Қаршығаұлының «Алашқа арнау» өлеңі де тыңдаған жүректерді тебіренткені сөзсіз.

_EAC1755

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, әнші Гүлмира Сарина сахна төрінен Әсет найманбайұлының «Інжу-маржанына» кезек бергенде тыңдармандардың ілтипатында шек болмады. Шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен жиырма алты дәулескер домбырашылар, жыршы-термешілер қатысты.

Өнер фестивалінің шымылдығы жезтаңдай әнші Қайрат Кәкімовтың орындауындағы Мұхит бабамыздың «Паңкөйлек» әнімен жабылды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*