Нұрлан Ноғаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы кеңсесінің басшысын қабылдады

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Агрис Прейманисті қабылдады. Кездесу барысында қос тарап та тиімді келіссөздер жүргізуге мүдделілігін жеткізді.

тиімді келіссөз

Аймақ басшысы Атырау өңірінің қарқынды дамып келе жатқанын айтып, бірлесіп жұмыс жасауға қашан да дайын екендігін атап айтты.

Мұнайлы мекенге алғаш рет келген мәртебелі мейман атал-ған қаржы ұйымының жүзеге асырып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалары жөнінде әңгімеледі. Мәселен, өткен жылы Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізде әр бағыт бойынша құны 1 млрд. еуроны құрайтын 33 жобаны қаржыландырған. Әсіресе, оңтүстік өңірлерге 180 млн. АҚШ долларын инвестициялаған.

– Қазақстандағы реформалар бойынша жұмыс істеуге Үкіметпен келісімге келдік. Біз инвестиция салуға әрқашан дайынбыз. Бұған дейін  табысты аяқталған жобаларымыз халықтың әл-ауқатын көтеруге үлес қосты деп есептейміз. Республиканың он екі аймағында, атап айтсақ, Астана, Қостанай, Қызылордада біраз жоба жүзеге асты. Сол үрдісті Атырауда да  жалғастырмақ ниетіміз бар, – дейді Агрис Прейманис.

Өз кезегінде Нұрлан Ноғаев  нақты ұсыныстар аяқсыз қалмайтынын мәлімдеді.

Айбөпе Сабырова

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*