Нұрлан Ноғаев аймақта жүзеге асып жатқан инвестициялық жобаларға бақылауды күшейтуді тапсырды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Атырау» ӘКК директорлар кеңесінің жиналысына қатысып, аймақта жүзеге асып жатқан инвестициялық жобаларға бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-15 at 14.11.20

Кездесу барысында облыс әкіміне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысы таныстырылып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспары айтылды.

«Атырау» ӘКК ҰК» АҚ басшысы Марат Түсіпқалиевтің айтуынша, өңірде соңғы 8 жылда 20 ірі жоба жүзеге асқан. Корпорация құрылған 2010 жылдан бері мекеме кірісі 6,7 млрд теңгеге жетіпті.

Олар тауарлы сүт фермасы, жүн өңдеу зауыты, көкөніс өңдеу цехы, қоймажайлар, басқа да өндірістік орталықтар сынды ірі мекемелер. Бірақ кейбір кәсіпкерлер корпорациядан берілген қаражатты қайтаруға асықпай отыр. Мұның әртүрлі себептері бар. Біз кәсіпкерге бизнесін дамытуға қажет қолайлы жағдай жасауға тырысып келдік, алайда кейбір қарыз алушылардың жауапкершілікке ықылассыз қарауы нәтижесінде бюджет қаражатының уақытылы қайтарылмау деректері тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде біздің құзырлы органдарға жүгінуімізге, қарыз алушыға қатысты шара қолдануымызға мәжбүр етуде, – деді Марат Түсіпқалиев.

WhatsApp Image 2018-05-15 at 14.11.20 (2)

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев директорлар кеңесіне инвестициялық портфельге бақылауды күшейтіп, қаржыландырылған субъектілердің қызметіне белсенді қатысуды тапсырды.

Біздің міндетіміз құр ақша бөліп отыру емес, қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалау. Сонымен қатар, кәсіпкерге негізгі мәселелер бойынша көмек көрсетіліп, кеңес беру керек. Бұл іске жергілікті атқарушы органдардың өкілдері – барлық деңгейдегі әкімдер, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен бөлім жетекшілері жұмылулары керек. ӘКК инвестициялайтын жобалар аймақ үшін өте қажет. Жұмыс орындары құрылады, облыстың ауыл шаруашылығынан бастап құрылысқа дейінгі әр түрлі салаларының дамуына оң ықпал етеді. Қарыз қаражатының қайтарылуына бақылау да үнемі назарда болуы тиіс. Мұндай операциялар кезінде мемлекеттің міндеті – бизнестің дамуына инвестиция арқылы серпін беру, қаражат қайтарылғаннан кейін оны облысқа қажет басқа мекемеге салу керек, – деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік, қазір «Атырау» ӘКК аймақтың әлеуметтік саласында 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*