НҰРЛАН ЕРІМБЕТОВ, САЯСАТТАНУШЫ: «ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ ЖАТЫР»

Қазір қараңызшы, қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды. Қазақ халқының үлес салмағы да жыл санап артып келеді. Біз қазір түсіне қарап бөлмейміз, барлығын қазақстандық деп танитын болдық. Белгілі зілтемірші Илья Илин, күні кеше әлемді дүр сілкіндірген Геннадий Головкиндерді «өзіміздің қазекең» деп мақтанып жүрген жоқпыз ба? Шетелдіктер оларды қазақтар деп атайды.

Ұлттар достығынан асқан қандай керемет табыс болуы мүмкін? Түсінген адамға мемлекеттің дамуына, экономиканың алға басып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуына ықпал етуші негізгі фактор – елдегі тұрақтылық. Ендеше, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарымыздың барлығы, айналып келгенде,  ұлттар достығымен тікелей байланысты. Оның үстіне, бүгінде ғаламдық геосаяси жағдай сәт санап ушығып барады. Бір кездері Араб елдерінде басталған толқулардың әлемнің көптеген мемлекеттеріне кері әсерін тигізгенін білесіз. Осындайда  бірлігімізден ажырамау маңызды. Сондықтан, биылғы жылды  ынтымағымызды нығайту саясаты деп қабылдасақ, әлдеқайда дұрыс болатын сияқты.

Қазір күллі әлем сын сағатты бастан өткеріп жатыр. Тіпті, мүдделі топтардың теріс саясатын біздерге тықпалап жүргендер де бар. Мысалға, бір ғана дін мәселесін алып қарасақ, исламның өзіне қарсы жұмыс істеп жүрген ағымдар қаншама? Сондықтан,  әр нәрсеге сақтықпен қарауды үйренуіміз керек. Осындайда бұқараға жол көрсетіп отыратын рухани көсемдеріміздің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, абыз ағаларымыздың ел арасына жиі шығып, көгілдір экрандардан көбірек көрінгені маңызды.

2. – Өкінішке орай, әлемде нәсіліне, дініне, ұлтына қарап кемсітушілік фактілері көбейіп барады. Алысқа бармай, бір ғана Ресейді мысалға алатын болсақ, скинхедтер деген топтың неше түрлі сұмдық істерге барып жатқаны белгілі. Өз ұлтынан басқаны төменгі сорт санайтын нацистік көзқарас көп елдерде бар. Бірақ, ондай көзқарастың соңы жеңіліс, құлдырау екендігін тарих дәлелдеп отыр.  Сондықтан, Қазақ елі өзінің ішкі бірлігін, ішкі тұрақтылығын одан әрі нығайта беруге тиіс. Білуімше, Қазақстан халқы Ассамблеясының түпкі идеясын зерттеуге қызығушылық танытып жатқан елдер онсыз да көп. Тіпті, Татарстанда Ассамблеяға  балама институт та құрылған. Қазір әлем «қазақстандық жол» деген терминді қалыптастырды. Осының өзі көп нәрседен хабар береді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*