«НҰР ОТАННЫҢ» АУДАНДАҒЫ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ

– Партия құрамында екі мың алты жүз мүшесі бар. 13 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген. Партиялық бақылау комиссиясы, жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлмесіне 143 ауызша, жазбаша өтініш түсіп, олардың 42-сі өз шешімін тапты. Аудандық партия филиалының төрағасы ретінде биыл 84 тұрғынды қабылдадым. Арыздардың барлығы да қанағаттандырылды. Тағы бір айта кететін жайт – жыл сайын өз шешімін таппай жүрген өкпе дертіне ұшыраған науқастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің күрмеуі шешіліп, партияның араласуымен биыл он бір отбасы баспаналы болды, – деді ол.
Бұдан кейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудан экономикасының өрлеуіне мол үлес қосып жүрген партия мүшелеріне Алғыс хат тапсырылды. Ғимарат есігіне керілген лента қиылып, Құрманғазының «Сарыарқа» күйі шалқыды.

Мағрупа БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
Қызылқоға ауданы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*