«Нұр отан» Кадрлық резерв қалыптастырмақ

«Нұр Отан» партиясы кадрлық резервін қалыптастырмақ. Бұл  сайланбалы және партиялық лауазымдарға жоғары кәсіби кадрларды ұсынудың жүйелі ресімі. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев осылай деп мәлімдеді.

img_9001

Сондай-ақ, мақсатты топты, партиялық кадрларды орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға ұсыну үшін резервті қалыптастыру кезеңдері мен мерзімдерін кеңінен түсіндірді. Кадрлық резерв тәжірибелі бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен белсенді жастардан, сондай-ақ партия жақтастары қатарынан жасақталмақ.

«Партиялық кадрлық резерв туралы» ережеге сәйкес, партия мүшесі емес, бірақ оны белсенді қолдаушыларды да резервке іріктеу мүмкіндігі қарастырылған. Партия мүшелігі жоқ партия жақтастарының кадрлық резервтегі саны резервистердің жалпы санының 10 пайызынан аспауы тиіс. «Нұр Отан» партиясының кадрлық резерві республикалық және аймақтық деңгейлерде бекітіледі. Қазіргі уақытта аймақтық резерв қалыптастырылуда. Оған мәслихат депутаттығына, аймақтық саяси кеңестер, партиялық бақылау комиссиялары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер және партияның басқа да органдарының мүшелігіне кандидаттар іріктеледі» деді ол.

Айтуынша, облыста 107 кандидат іріктеледі. Кандидаттар келесі квота бойынша іріктеледі: әр ауданнан  10, қаладан  12, облыс орталығынан  25 кандидаттан аспауы тиіс. Партияның аймақтық кадрлық резервіне жалпы республика бойынша шамамен үш мың адам енеді.

img_9006

– Республикалық резервтің негізі аймақтық резервистер (әр аймақтан үш адамнан артық емес). Республикалық резерв 2017 жылдың соңына дейін қалыптастырылатын болады. Аймақтық партиялық кадрлық резервке ену үшін,  кандидаттар үш сатылы іріктеу жүйесінен өтуі қажет. Жүйе конкурстық процедуралар мен құзіреттерін бағалаудан тұрады. Кандидаттардың әрқайсысы кәсіби, партиялық және жеке сипаттары бойынша кешенді тексеруден өтеді. Іріктеу кезінде, жұмыс өтілі, білімі, партиялық қызметтегі сіңірген еңбегі де ескеріледі. Бұл талаптар резервтің әр деңгейі сайын арта түседі, – деді Нұрлыбек Жұмахметұлы.

Мәселен, кандидаттың қылмыстық және әкімшілік жауакершілікке тартылмауы, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын теріс қылықтарының, алынып тасталмаған партиялық жазаларының болмауы жөніндегі талаптар міндетті болып табылады.

Бұған қоса, ол партиялық кадрлық резервті қалыптастыру үш ай бойы кезең-кезеңмен өтетінін мәлім етті. Резервке алынғандарды бекіткеннен кейін, партиялық кадрлық резервті дамыту жұмысы жүргізілетін болады. Олардың нақты іс-әрекеттерінің жоспары әзірленіп, бекіту және жүзеге асыру шаралары іске асырылады.

Үміткердің резервте болу мерзімі бес жылды құрайтынын айтқан Нұрлыбек Ожаев партияның Орталық аппаратында және аймақтық, аумақтық филиалдарының аппараттарында (басшылықтан басқа) бос лауазымдық орындарға байқау негізінде қабылдау жүзеге асырылатынын жеткізді.

Мәлике МӘЛІК

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*