ҰМЫТЫЛМАС БЕЙНЕ

 

1940-1942 жылдары 17-ші армия штабының барлау бөлімшесінде арнайы дайындықтан өтіп, ефрейтор шенін иеленеді. 1943-1945 жылдар аралығында алты мәрте жоғары қолбасшылық тарапынан арнаулы тапсырманы ойдағыдай орындайды. Осы кезеңде Халун-Аршан ауданындағы Уча-Гоумынь стансасын барлау кезінде кезіккен қиындық-кедергілерге қарамастан майдангер жүктелген міндетін мүлтіксіз орындап шығады. Алынған дерек-мәліметтердің бәрі өте құнды да дұрыс болып, қарсы жақтың осал тұстарын аңдап, соққы беруге жағдай жасалған.

Ал, соғыстың соңғы жылындағы шешуші сәттердің бірінде екі мәрте жау тылына өтіп кетіп, аса маңызды тапсырманың орындалуын қамтамасыз еткен. Ақпараттарды радиобайланыс арқылы мезгілінде беріп тұрған. Майдандағы ерлігі мен ержүректілігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Орыс жазушысы Александр Слободянуктің 2012 жылдың қыркүйек айында жарық көрген «Олардың ерлігін ұрпақтар ұмытпайды!» атты кітабында әкеміз бен оның қаруластарының батырлығы егжей-тегжейлі баяндалады. Жақында осы кітапты және әкеміз жайлы көп мәліметті интернеттен тауып, қуанып отырмыз.

Бисембай Дүйсенғалиұлы бейбіт кезеңде де елі үшін еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлесін қосты. Ауыл шаруашылығы есепшілерін дайындайтын курста оқып, колхоз, совхоздарда есепші, қоймашы қызметтерін атқарады. 1964 жылдың мамыр айында ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды. Ол кезде менің он жастан енді ғана асқан шағым еді.

Бертінде бізді осы күнге жеткізген анамыз, әрі тылда ерен еңбек еткен Сәпен Дүйсенғалиева да бақилық болды. «Орнында бар оңалар» дегендей, алдымдағы апам Айман ертелеу өмірден өткенмен, құдайға шүкір, қазірде соңымнан ерген қарындасым Шолпан екеуміз отбасымызбен ата-анамыздың өнегелі өмір жолын жалғастырып келеміз. Өзім осындағы орта мектептің басшысы болсам, қарындасым Қайыршақты селолық округінің орталығы Томарлы ауылындағы Қайырғали Смағұлов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі.

Кешегі ел басына күн туған заманда Отанын жаудан қорғаған, соңына ерліктің өшпес іздері мен өнегелі істерін қалдырған әкеміздің есімі селода бір көшеге берілсе екен.

Болат Дүйсенғалиев, Бесікті ауылы, Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*