МЫҢТЕКЕДЕ МЫҒЫМ ІС БАР

 

Өзім басшылық жасайтын «Прикаспиан Петролеум компании» ЖШС негізінен көмірсутегі өнімдерін өндірумен айналысады. Жұмысымыз Исатай ауданының Нарын селолық округіне қарасты Мыңтеке кен орнында. Бүгінгі күні 85 адам еңбек етеді. Оның елу пайызы осы ауданның тұрғындары. Мұнай нарығында он бес жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Кен орны шағын болғанымен, өндірістік көрсеткіштеріміз жаман емес. Сөзімнің дәлелі, үстіміздегі жылы еңбек қорғау саласы бойынша республикалық «Сенім» және «Экономика көшбасшысы» конкурстарының жеңімпазы атандық. Мұның барлығы ұжым мүшелерінің тынымсыз еңбектері мен білімділіктерінің нәтижесі екендігінде сөз жоқ.

Бүгінгі күнгі экономикалық аренадағы ахуал ел өміріне елеулі өзгерістер әкелері анық. Бұл әлемдік деңгейде болып отырған жағдай болғандықтан, Қазақстан одан шет қала алмайды. Сондықтан, дағдарыстан жол табу – баршамыздың міндетіміз. Біз өнімді сыртқа доллармен сатамыз. Бірақ, ішкі есеп ұлттық валютамен жүргізіледі. Демек, бұдан компания бюджеті толықпаса, ортаймасы анық. Бұл  ұжым мұнайшыларына тың күш-жігер береді.

Қолда барды бөлісу, айналаңа қамқорлық көрсету – біздің арғы тегімізде бар қасиет. Бұл орайда біздің кәсіпорын да аудандық әкімдікпен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Соғыс, еңбек ардагерлерінің қысқы дайындықтарына көмектесіп, шөп алып беріп жатырмыз. Он баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен және киімдермен қамтамасыз еттік. Аудандағы реабилитациялық орталықтағы  емделуші балаларға да оқу, спорттық қажеттіліктерін сыйға тарттық. Аудан көлеміндегі мәдени-шаралардан да қалыс қалып жатқан жоқпыз. Тамшыдай болса да ортақ мүдде үшін деп жасап жат-қан бұл ісіміз ауызбіршілігімізді, жұмыла көтерген жүктің салмағы болмайтындығын көрсетсе керек.

Елбасымыз айтқандай, бұл уақытша ауыртпалықтарды бірлігіміздің, жұмыла жүріп жұмыс істеуіміздің арқасында жеңеміз.

Рахымжан ӘБЕНОВ,

«Прикаспиан Петролеум

компании» ЖШС басшысы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*