Монеталар көрмесі өтті

Өңіріміздегі Ұлттық банк филиалында алтын мен күмістен жасалған монеталар мен банкноттардың көрмесі өтті. Бұл шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала елінің»  25  жұлдызды күндері – Тәуелсіздіктің 25 негізі» жоспары шеңберінде өткізіліп отыр.

%d0%bc%d0%be%d0%bd%d0%b5%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%81%d1%96-%d3%a9%d1%82%d1%82%d1%96

Олардың арасынан түрлі-түсті және көздері гауһар тастан қойылып, барыс бейнесі бейнеленген алтын монеталар мен салмағы 1 келі құрайтын 10 мың теңгелік монеталар кездесті.

Ел Тәуелсіздігінің шынайылығын білдіретін теңгенің алғашқы тобы шығарылғаннан кейін неғұрлым жоғары номиналдағы банкноттарды ендіру қажеттілігі туындады. Өзара бірыңғай идеясымен, ойымен және жасалуымен байланысты, бірыңғай ұстамды үлгідегі 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге номиналындағы жаңа банкноттар осылайша пайда болды. Жаңа дизайн Қазақстанның бай мәдени тарихын қазіргі заманғы дизайн элементтерімен байланыстыра отырып біріктірді.

Ұлттық банк Атырау филиалы директорының орынбасары Серік Омаровтың айтуынша, 23 жыл ішінде күміс монетаның 142 түрін, алтын монетаның 50-ден  астам түрін шығарған. Олар коллекциялық, инвестициялық және ескерткіш монета болып үшке бөлінеді. Қазіргі таңда қазақстандық банкноттарды халықаралық сарапшылар әлемдегі ең жақсы қорғалған банкноттардың бірі деп бағалайды.

%d0%bc%d0%be%d0%bd%d0%b5%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%81%d1%96-%d3%a9%d1%82%d1%82%d1%96-2

Банкноттармен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі инвестициялық және коллекциялық монеталарды шығарады. Олардың негізгі мақсаты – мәдени-ағартушылық және инвестициялық болып табылады. Олар қатаң шектеулі тиражбен шығарылады, ел аумағында және шетелде коллекциялық құн бойынша сату үшін арналған.

Банкте 23 жыл бойына қызмет етіп келе жатқан Талғат Қадірғазиев Қазақстанның монета тарихы 500-600 жыл бұрын табылған Сарайшық монетасынан басталатындығын айтады. Дәріс бойынша шарада студенттерге сұрақтар қойылып, естелік сыйлықтар берілді. Көрмеге Ұлттық банк қызметкері, коллекционер Махамбет Мәденов бүгінде банк филиалында сақталмаған 15-ке жуық монеталар жинағын әкеліп қойған.

– Жалпы, мемлекеттік мәні бар оқиғаларға арналған естелік банкноттар шығарылып жатыр. Бұл банкноттардың тиражы үнемі шектеулі, сондай-ақ, олар ең жаңа қорғаныс элементтерін мақұлдау, оларды басу процесінде, қолма-қол ақша айналымында және машиналық өңдеу кезінде бағалау ретінде қолданылған. Теңге ұлттық валюта ретінде біздің еліміздің тарихында тәуелсіздіктің тек экономикалық негізі ретінде маңызды рөл атқарып қана қоймайды. Теңге – біздің тарихымыздың толымды бір бөлігі, өз заманының белгісі, – дейді «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы  қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бас маман-экономисі  Әйгерім Бисенғалиева.

Суреттерді түсірген:

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*