Миялыда бұрын-соңды болмаған спорт мерекесі өтті

7 мамыр күні Қызылқоға ауданы Миялы селосында “Елге сәлем” фестивалі өтті. Жергілікті кәсіпкер, спорт жанашыры, Атырау облысы кикбоксинг федерациясының құрметті президенті Серікбаев Медеттің бастамасымен өткен шараға жақын шетелдерден кәсіпқой спортшылар келді.

DSC_0092

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, Миялының орталық алаңында халықтың қарасы көп болды. Атыраулық кикбоксшылар шетелдік кәсіпқой спортшыларымен жекпе-жекте өз шеберліктерін көрсете білді.

Алдымен әлем чемпионатының қола жүлдегері Жаналы Сәлімгерей Грузия чемпионы Елнур Улиев күш сынасты. Әлем Кубогының иегері барын салғанымен атыраулық спортшыдан айласын асыра алмады.

Қос әлем чемпионы Жандос Назарбеков пен өзбекстандық Якуб Фуркадбек арасындағы тартыс қызыққа толы өтті. Ұпай санымен Жандос өзбек спортшысынан басым түсті.

Тағы бір әлем чемпионы, Атырау спортының мақтанышы Абзал Дүсіпов украиналық қарсыласы Лендюк Юрийді уақытынан бұрын ұтып, өзінің жоғарғы деңгейдегі шебер екенін дәлелдей алды.

DSC_0045

Фестиваль аясында Мереке Серікбаев атындағы кіші аяқ добынан Республикалық турнир ұйымдастырылды. 8 команда қатысқан додада «Өмірзақ» командасы үздік атанды. Одан бөлек, дзюдо мен қазақ күресінен тартысты кездесулер өтті. Кеш соңы Қазақстанға танымал өнер жұлдыздарының концерімен жалғасып, мерекелік отшашумен аяқталды.

Айта кету керек, Серікбаев Медет Мерекеұлы осынау айтулы шараны өткізіп, Миялы халқына ұмытылмастай үлкен мереке сыйлады.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*