ҮМІТ ПЕН СЕНІМ ҚАБАТТАС

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы» тұжырымдамаға сай біздің Еркінқала селолық округінде де қала әкімінің орынбасары Ж. Қарағаевтың қатысуымен округ әкімі лауазымына үміткерлерді таныстыру мақсатында қауымдастық өкілдерімен кездесу жиыны болып өтті. Кездесуге қатысқан өкілдер сайлау туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірді.
Сайлауда ел басқаруда беделі бар, білімді де жігерлі, тәжірибелі де қажырлы, округ жағдайын жақсы білетін, тұрғындармен тіл табыса алатын, әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсарту қолынан келетін, мәдениет пен спортты дамытуға, тәртіп пен тазалықты күшейтуге ынталы үміткер сайланады деген үмітіміз бар.
Біз, ардагерлер, Елбасы саясатын толықтай қолдаймыз және ауыл әкімдерінің сайлануымен елді мекендердегі өзекті мәселелер оң шешімін табады деп сенеміз.

Балабай РАХЫМБЕРЛИЕВ,
зейнеткер, кәсіпкер.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*