ҮМІТ АРҚАЛАҒАН АҚ ЖЕЛКЕН

Мектепте 1725 оқушы білім алуда. Оқушылар аудан, облыс, республика көлемінде өткен түрлі байқауларда жүлделі орындарды иеленіп, ұстаздарының еңбегі мен сенімін ақтауда. Атап айтқанда, өткен жылы республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде мектептің 6 оқушысы І орын, 5 оқушысы ІІ орын, 12 оқушысы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Ал, олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысқан 9-сынып оқушысы Айнагүл Кемалова орыс тілі пәнінен ІІІ орын, 11-сынып оқушысы Есім Азамат тарих пәні бойынша Алғыс хатпен марапатталды. Тағы да бірнеше пәннен білім бәйгесіне қатысқан 18 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Біраз оқушылар ғылыми жобалардың жүлдегері атанды.
Елбасы Н.Назарбаев Тәуелсіздіктің үшінші қазынасы – туған тіліміз екенін баса айтқаны белгілі. Мектепте оқитын көптеген өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында бізде түрлі шаралар өткізіліп жүр. Әсіресе, Луиза Петько, Роман Петько, Денис Овчинников, Фархад Нұрахметов сияқты оқушылар бірнеше білім, өнер байқауларынан жүлделі орындар иеленіп, мектеп мақтаныштарына айналған.
Ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. Мектепте 5 жоғары санатты, 38 бірінші санатты, 43 екінші санатты мұғалім еңбек етуде. Ұлы Абай: «Еңбек етсең – емерсің» десе, жыр алыбы Жамбыл: «Еңбек ет те, міндет ет» деген дана сөздегідей Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары халқымыз құн жетпес Жеті қазынаға ие болғанын, соның ішінде Бесінші қазынада еңбекті барлық игіліктің басына қою керектігіне айрықша тоқталды. Бұл біздің темірқазығымыз болмақ.
Мектеп ұстаздары да шәкірт-терінің тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтуде зор құлшыныспен еңбек етуде, ал шәкірттеріміздің білімге деген талабын арттыра береміз.
Жаңа жылда әр адам өз отбасы, елі, туғандары үшін жақсы тілек тілейді. Ал, ұстаздар барлық ақ тілектердің ішіне міндетті түрде шәкірттерінің аман, табысты болуын қосады. Мен де шәкірттеріміздің тілегін тілеген сол ұстаздардың бірімін.

Айнаш ШӘТЕНОВА,
№ 9 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі,
Жылыой ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*