ӨМІРЗАҚТЫҢ ӨЗГЕШЕ ҚЫРЫ

Автордың мақаладағы: «…дворяндық тізімге алу қағидасына сай Мақаш әкім орденінің белгісін және оның грамотасын алғаннан кейін Астрахан губерниясындағы «Дворяндардың депутаттарының жиналысына» тілегін білдірген. Олар 1897 жылдың 10 қазанында қарап Есауыл Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетовті дворяндық шежірелік кітаптың 3-бөліміне тіркелуге қаулы қабылдаған…» деген нақты дерегін сол туралы құжаттың көшірмесімен айғақтауын оқығанда, мен көшпенді деп, сауатсыз болды деп жүрген қазағымның осындай биік деңгейге (дворяндық дегеніміз сол кездің өлшемімен алғанда зиялы, оқыған-тоқыған, алдыңғы қатарлы адамдарға берілген ғой) көтерілгеніне марқайып қалдым.

Бұл мақаланың тағы бір берер тағылымы – тарихымыздағы ақтаңдақтар мұрағаттарда әлі де шаң басып жатқандығы. Соны осы Өмірзақ ағамыздай ерінбей-жалықпай аршып алып, халыққа ұсынуды қолға алу керек-ақ. Әзірге Қажымғалиев сенсация жасап отыр, мұны бағалай білген жөн.

Ерсайын ӨМІР,

тарихшы,

Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*