ӨМІР ҚЫМБАТ АДАМҒА

Аймақта 2012-2014 жылдарға арналған суицидтердің алдын алу жөніндегі іс-қимылдың ведомствоаралық жоспары жасақталып, осы бағытта жұмыстар жасалғанмен, бұл қауіпті сырқаттың алдын алу мүмкін болмай отыр. Бұл жөнінде облыстық психиатриялық жүйке-тамыр аурулары ауруханасының бас дәрігері Қуаныш Нұрмұханов, психолог дәрігері Ақмарал Шәріпова, облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің маманы Әлия Омарова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Жарқын болашақ» денсаулық орталығының директоры Алуа Сыралиева, аталмыш аурухананың психологы Ұлдай Рысмағамбетова, сондай-ақ, басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің жасаған баяндамаларында айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулардың қатарында жүйке аурулары да ерекше орын алып отырған көрінеді.

Ғайнолла ИСАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*