«Өмір гүлі» ансамблі Астанадан жүлдемен оралды

Атыраулық «Өмір гүлі» өнер ансамблі Астанадан олжалы оралды. Өмірге құштар жандарды кеше вокзалда жұртшылық қошеметпен қарсы алды.

__м¦т __з¦лмейд¦

Биыл Елордамызда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық фестивалі өтті. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатынасқан болатын.

–        Ауқымды шара он өнер саласы бойынша ұйымдастырылса, біз соның үшеуіне қатысуды ұйғардық. Дайындықтың нәтижесінде оңды нәтижеге жетіп отырмыз, – дейді «Өмір гүлі» өнер ансамблінің жетекшісі Тыныш Жакупова.

Астанадағы республикалық өнер шарасына қатысушылардың осалы болмапты. Соған қарамастан атыраулық жастар жоғары дәрежеде өнер көрсеткен. 12 жерлесіміздің 9-ының марапатқа ие болуы соның көрінісі. Лауреат атанған Ерлан Жұмабаев – Махамбет ауданының тумасы. Жеңімпаз бәсекенің тартысты, әрі қызықты өткенін айтады. «Осы сында үздік көрінгеніме өте қуаныштымын» дейді талапкер жас. Ал, «хореография» номинациясы бойынша екінші орын алған Ақерке Боранның жасы 15-те. Соған қарамастан ол бірнеше республикалық сайыстарға қатысып үлгеріпті.

«Өмір гүлі» ансамблі 2009 жылдың күзінде құрылған. Тыныш Жакупованың баяндауынша,  оны құру туралы ой қайырымдылық кештің бірінде ән салып тұрғанында келіпті. Көп ұзамай осы мақсатын жүзеге асырған. Содан бері өнер ұжымы мүмкіндігі шектеулі өнерлі жастарға өмірге құштарлық, ертеңгі күнге үміт сыйлап келеді.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген:Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*