Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

қызметтің сапасын арттыруға себепші болады

Биыл елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне дайындық жұмыстары басталады. Бұл – азаматтар медициналық көмекті арнайы қорға жиналған қаражат есебінен ғана ала алады деген сөз. Ал, сақтандыру жарналарын азаматтардың жұмыс беруші мекемелері төлейтін болады. Бұл ретте экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарнаны мемлекет төлейтінін атап өту керек. Жұмыс жасамайтын азаматтар жұмыспен қамту орталығына тіркелген болса жеткілікті, онда  мемлекет  жарна  төлейді. Ал, егер адам орталықта да, салық органдарында да  тіркелмеген болса, заң бойынша өзі үшін ең төменгі айлық көрсеткіштен төлем жасап отыру керек.

%d0%b5%d0%b0%d1%81-020

Жаңа реформа кезең-кезеңмен іске асырылады. Алдымен, арнайы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылып, оған жұмыс беруші мекеме өз қызметкерлері үшін ай сайын  жарна аударатын болады.

Қорда әр азаматтың жеке шоты ашылып, ол адамға электрондық паспорт ашылады. Ал, жинақталған қаражат науқастардың емделуі үшін емханаларға жіберіледі.

Жалпы, медициналық сақтандыру қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді жойып, саладағы жұмысты жүйелеуге жол ашады. Яғни, әрбір адам өз еміне өзі қаражат жинақтағандықтан, емдеу орны мен дәрігерді де өзі таңдайды. Нәтижесінде, медициналық қызмет сапасының артуына жол ашылмақ.

Аталмыш қорға жарна төлеуден босатылатындар да бар. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 15 санатын белгілеп отыр. Оның ішінде он екісі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы. Яғни, қорға салатын қаражаты жоқ жандарға мемлекет ақша төлейді. Мысалы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алғандар, сонымен қатар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектерге мемлекет тарапынан төлемдер жасалады. Соны­мен қатар, жұмыссыз жүкті әйелдер мен зейнеткерлер және жұмыссыз ретінде тіркелген, тағы басқа азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған.

%d0%b5%d0%b0%d1%81-015

Азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің екі пакеті белгіленіп отыр. Оның біріншісі, базалық пакет немесе мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек. Бұл пакет азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етуді көздейді және толықтай республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ, бұл көмек түрлеріне жедел медициналық жәрдем, санитарлық авиация, әлеуметтік мәні бар аурулар, төтенше жағдайларда көрсетілетін медициналық көмектер, жаппай егу секілді бірқатар көмектер жатады және олар Қазақстанның барлық азаматтары мен оралмандары үшін қолжетімді болады.

Екіншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылатын қосымша пакет көзделеді. Бұл базалық пакетке кірмейтін қосымша медициналық көмек түрлерін қамтиды. Олардың ішінде амбулаториялық емханалық көмек, стационарлық және оны алмастыратын көмек, жоғары технологиялар қолданылатын медициналық көмек түрлері қамтылады. Қосымша пакет тек міндетті Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға тиесілі әрі қолжетімді болмақ.

Әсия НАРЫМБАЕВА,

«Геолог емханасының» бас дәрігері.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*