Мешіттерге мамандар келеді

Жергілікті халықтың діни сауаттылығын арттырудың бірден-бір жолы – салаға сапалы маман тарту десек, бүгінде әсіресе, аудан мешіттерін білікті имамдармен қамтамасыз ету жайы өткір тұр.

9898 (2)

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы  Батыржан Мансұров «Нұр-Мүбәрак» университетінің, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Шымкент» және «Сарыағаш» медреселерін бітіруші шәкірттерімен кездесті.

9898 (4)

Жүздесу барысында өкіл имам мұнайлы өңірдегі діни-ағарту саласы жұмыстарын жетілдіруде маман тапшылығының өткір тұрғанын айтып, бітіруші түлектерді шалғайда жатқан ауыл, аудан халқының діни білімін арттыру жолында еңбек етуге шақырды. Білгеніміздей, бүгінде аталған оқу орындары түлектерімен арада нақты келісім жүріп жатыр.

9898 (5)

Айта кеткен жөн, осындай кездесулер нәтижесінде өткен жылы облыс мешіттеріне он маман тартылды.

         Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*