Мергеннің олжасы – 10 қасқыр

Ауданның аумағы үлкен, бір шеті Нарын құмын Азғырға жалғастырса, Қиғаш өңірін жайлаған малшыға қасқыр оқтын-оқтын тыным бермейді. Машақаты көп болғандықтан, оны аулаушылар некен-саяқ.

Мергенн¦__ олжасы Ц 10 __ас__ыр

Міне, сол некен-саяқтың қатарында қасқыр ізіне түсіп, малды жыртқыштан қорғауды кәсіп қылған Шахмерген Кенжеғалиев те бар. Әкесі Өтеу ауыл шаруашылығы саласында абыройлы еңбек еткен азамат еді. Көзі тірісінде балаларына атакәсіптен қол үзбеуді, бейнетінен қаймықпауды өнеге етіп, дәлелдей білген жан. Нәтижесінде өмірге келген сегіз баласы да ұя бұзбас арлы жолды таңдады.

Ауылдастар «Мерген» дейтін отыздар шамасындағы ұяң жігіт Шахмерген Кенжеғалиев қасқыр аулау жолына біржола түскен. Түз тағысын қалың жынысты қамыс өскен «Нижняя Колка», «Түркін», «Қара қамыс» аталатын телімдерден аулайды. Соңғы үш-төрт жыл аумағында аулаған қасқыры жүзден асыпты.

– Көбісін ағайындар төрге іліп қоюға, сыйлыққа ұсынуға қалап алады. Тапсырғандарым да бар, бір тері 18 мың теңге тұрады. Мылтығым – бесатар, өте сенімді, мүлт кетпейді, – деп аңшы жігіт жаяу жортқанда иығынан түспейтін дүрбілі қаруына да сүйіспеншілікпен қарап қояды.

Соңғы қаңтар мен ақпандағы олжасы – 10 қасқыр. Ақырғы атып алғаны нағыз сойқанды арланның өзі екен.  Десек те, осындай төрт түлік малдың қан қақсатып кететін қас жауына қаймықпай қарсы шығып, біраз тәжірибе жинақтаған Шахмергенге бұл тұрғыда жергілікті жерде қолдаудың жетіспей жатқаны өкінішті, әрине.

Таңатар ДӘРЕЛҰЛЫ,

Құрманғазы ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*