“Мерейлі отбасы” байқауының үздіктері анықталды

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің марапаттау салтанаты өтті.

Үздіктер марапатталды

Бүгінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын еліміздің барлық аймағында өткізу дәстүрге айналған. Байқаудың басты мақсаты – қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттап, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отбасы құндылықтарын жаңғырту болып табылады. Осы орайда конкурстың қалалық комиссиясының қарауына 11 өтініш түсіп, оның тек 7-ін жеңімпаздар мен дипломанттар деп таңдады.

Сайыс нәтижесінде, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің дипломанттары атағымен – Бүркітовтер, Ермышевтер, Бляшевтер отбасылары марапатталды.

Ал, қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов сайыскерлер арасынан жеңімпаз деп таңдалған төрт отбасыға – Досниязовтар, Бақриденовтер, Шатиловтар, Демесіновтерге арнайы сыйлық табыстады.

Келесі кезекте жеңімпаздар облыстық «Мерейлі отбасы» конкурсында бақ сынайтын болады.

Майра Оразғалиева

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*