Мереке күндері қандай шаралар өтеді?

Атырауда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай көптеген іс-шаралар жоспарланған. Олай болса, Атырауда мереке күндері қайда, қандай шара өтеді?

4521

5 мамыр

10:00 – «Отан үшін от кешкендер» тақырыбындағы салтанатты жиын, сазды бағдарлама. Өтетін орны: Ақсай ауылдық округіндегі әкімдік ғимараты.

10:00 – «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» атты салтанатты бағдарлама. Өтетін орны: Атырау ауылдық округі, «Мәңгілік алау» ескерткішінің алды.

10:00 – «Мәңгілік өшпес отты жылдар» әдеби сазды бағдарлама. Өтетін жері: Геолог ауылдық округі, Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп.

17:00 – «Алмалы. KZ» V халықаралық балалар өнер фестивалінің салтанатты жабылуы – гала-концерт. Өтетін орны: «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданы, Ретро-саябақ.

6-9 мамыр

10:00 – Б. Момышұлын еске алуға арналған волейболдан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы қалалық ашық турнир. «Мұнайшы» спорт кешені.

7 мамыр

11:00 – «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» тақырыбындағы салтанатты жиын. Өтетін жері: Балықшы ауылдық округі, М. Отаралиев атындағы орта мектеп.

11:00 – Отан қорғаушылар күніне орай ҚР Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының қатысуымен өтетін жауынгерлік парадтың тікелей көрсетілімі облыстық әкімдіктің алдындағы сұлтан Бейбарыс алаңында болады.

19:00 – Отан қорғаушылар күніне арналған «Мен қазақтың сарбазымын» атты патриоттық ән кеші. Өтетін жері: Атырау қалалық мәдениет және демалыс саябағы (Ретро-саябақ).

7-8 мамыр

9:00-13:00 – «Сарайшық» коммуналдық базарында жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі болады.

10:00 – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған шахматтан қалалық турнир. Өтетін орны: №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі.

8 мамыр

9:00 – Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұловтың зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі. Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы ауылы.

9:00-11:00 – Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және 1921 жылы Гурьев қаласында Кеңес үкіметінің орнатылуы жолында күресіп қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл қою рәсімі. Құрманғазы көшесі, Христиан халықтары жерленген зират.

10:00 – Ә. Молдағұлованы еске алуға арналған нысана көздеуден қыздар арасындағы қалалық турнир. Өтетін орны: №2 орта мектеп.

10:00 – «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Жақсығали Есембаев атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі. Алмагүл шағын ауданы, №3 көше.

10:00 – «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік шара. Өтетін орны: Дамбы ауылдық округі, Амангелді ауылы.

10:00 – «Ерліктен елдікке аялдамасы» акциясы. (Бессмертный полк) Жеңіс саябағы.

10:00 – «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» атты салтанатты жиын. Балықшы ауылдық округі, М. Отаралиев атындағы орта мектеп.

10:00 – «Ұлы Жеңіс жасасын» мерекелік сазды кеш. Кеңөзек ауылдық клубы.

18:00 – «Елдік пен ерлік – ата-баба аманаты» атты мәдени-көпшілік, бұқаралық шара. Өтетін орны: Еркінқала ауылдық округі, Жеңіс алаңы.

9 мамыр

10:00 – «Мәңгілік өшпесін жеңіс күні» атты мерекелік сазды бағдарлама. Жұмыскер ауылдық округі, Жұмыскер мәдениет үйі.

10:00  -«Мәңгі өшпес-рухы биік ерлерім» гүл шоқтарын қою рәсімі, мәдени-сазды бағдарлама. Өтетін орны: Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы ауылы.

10:00 – «Ерлікке тағзым!» Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі. Өтетін орны: Жеңіс саябағы, «Мәңгілік алау» монументі.

20:00-22:00 – «Жеңіс Туы желбірейді мәңгілік!» атты мерекелік кешкілік концерттік бағдарлама. Өтетін орны: Бейбарыс алаңы (облыстық әкімдік алды).

23:00 – Мерекелік отшашу.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*