МЕНИНГИТТЕН САҚТАНЫҢЫЗ!

 

Бұрын бұл аурумен науқастанған адамға ем табылмауы себепті көп өмір сүрмеген. Ал, бүгінгі таңда жетілген медицинаның көмегімен құлантаза айығып кететін жағдайға жетті. Көбіне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Кейде менингит бактериясы жөтелу кезінде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, нәтижесінде ауруға шалдыққандардың 20 пайызының  өміріне қауіп төндіреді.

Ал, аурудың белгілеріне келсек, ол жұққаннан кейін 10-12 күннен  соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерілу, дауыс қарлығып, өңі бозару секілді инкубациялық кезеңінде өтіп, денеде қызғылт түсті дақтар пайда  болады. Дене қызуы 40 градусқа жоғарылап, бұлшық еттер  тырыса бастайды. Дер кезінде емделмесе, көп жағдайда сал болып қалуы мүмкін.

Мұндай жағдайда науқасқа жедел медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Дәрігер келгенге дейін әр төрт сағат сайын 500 мг ампициллин салған жөн. Егер мүмкіндік болса, хлорамфеникол да беріңіз; ыстығы жоғары жағдайда (40 градустан  астам) оны ылғал компресспен немесе ацетаминофенмен, аспиринмен  түсіріңіз. Егер баланың анасы туберкулезбен ауырса немесе баланың  туберкулез менингитімен ауруы мүкін деп күдік туғызатын басқа да себептер болса, онда балаға оның салмағының әр 5 килограмына шаққанда 0,2 мг келетіндей етіп стрептомицин шаншыңыз да,  бірден  дәрігер шақыртыңыз.

М.Жабасова,

№1 қалалық емхананың салауатты өмір

салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*