МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ – ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ

 

Баяндамашының айтуынша, өзі өкілі саналатын аталмыш орган бүгінгі таңда қажеттілігі мен маңыздылығы жоғары менеджмент жүйелерін сертификаттау, ресертификаттау, инспекциялық аудит жүргізу және қызметкерлерді оқыту жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған халықаралық ұйым болып табылады. Мұнда сапа, кәсіби денсаулық пен қауіпсіздік, медициналық жабдықтар өндірісі, энергетика, ақпараттық қауіпсіздік, тәуекелдерді басқару, азық-түлік өндірісі мен қауіпсіздігі, әлеуметтік жауапкершілік тәрізді тарауларды қамтитын бірнеше менеджмент жүйесі қарастырылған. Осылайша, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың ғана емес, шағын және орта бизнес субъектілерінің өз мамандарын, былайынша айтқанда жұмысшы-қызметкерлер құрамын атап көрсетілген халықаралық стандарттарға сай оқытып, кәсіби шеберлігі мен біліктілігін жетілдіруіне, менеджмент жүйесін енгізуге байланысты керекті ақпараттық-кеңес беру қызметтерін пайдалануына мүмкіндіктер берілген.

Ескере кетер бір жайт, бұл жерде ең алдымен сапа мен қауіпсіздікке көңіл бөлініп, баса назар аударылады. Баяндама жасаған әріптесінің айтқандарын қостаған «Дүниежүзілік сапа қауымдастығы» ұйымының Қазақстандағы өкілі Динара Нұрланның сөзінен осыны ұқтық.

Қай шаруа, қандай мәселенің де қаржыға келіп тірелетіндігі, онысыз нақты шешімін таппайтындығы белгілі. Осы орайда, Еуропалық қайта құру және даму банкінің де өзіндік рөлі мен орны барлығы анық. Конференцияда сөз алған аталмыш қаржы ұйымының өкілі Айбек Түгелбаевтың айтуынша, банк бүгіндері әлемнің 30-ға тарта еліндегі шағын және орта бизнес құрылымдарына өз кеңестерін беріп, қызметін көрсетеді екен.

Бұдан бөлек, конференцияда халықаралық менеджмент жүйесіне кіріп, жемісті қызмет атқарып, айтулы табыстарға қол жеткізіп келе жатқан кейбір компаниялар жайында деректер келтіріліп, мәліметтер жария етілді.

Дәулет Латифұлы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*