«МЕН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА»

Бұл байқауды өткізудегі басты мақсат кішкентайда болса жастарды табиғатты аялауға шақыру және сурет салу өнеріне деген ынтасын арттыру болып табылады. Шараның бірінші бөлімінде облыстық, қалалық әкімдіктер аралығы мен Жайық жағалауының әсем жерлеріндегі мольберттерде сурет салынды. Екінші бөлімде Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясы базасында білім ордасының ұстазы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Әділқайыр Жантасов оқушыларға шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбынан оқушылар көптеген мағлұматтар алып, пікір алмасты.
Тақырып бойынша сурет салудан сайысқа түскен оқушылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, белсенділері алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орын иегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтарды Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Арман Азаматов табыстап, сәттілік тіледі. Сурет байқауына 30-ға жуық қала мектептерінің оқушылары қатынасты.

Қайырғали АЗИЛОВ,
«Жас өрен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*