Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов мәлімдеді.

oy.-oqfUTnE1

Атырау облысының мемлекеттік қызметшілерінің  жалақысы 2,5 есеге  ұлғаяды. Осы жылдан бастап, пилоттық жоба аясында   аймақта мемлекеттік қызметшілерге сыйақы берудің жаңа жүйесі енгізілді. Яғни, бонустар  мемлекеттік саясатқа сәйкес үш тілді білуді қамтиды. Бұдан бөлек  жалақыны есептеген кезде тек  тәжірибе ғана емес, сондай-ақ, мамандардың  жұмыс  сапасы да ескеріледі,–  дейді департамент басшысы.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар қызметкерлерді анықтау мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы жарияланған болатын. Конкурстың 1-кезеңінен Марат Әбуов, Айдар Нұралиев, Ермек Шмалиев сүрінбей өтті. Айта кету керек, бұл сайыс Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Құрмаш Сейітбеков аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұл бағыттағы шаралар өңірдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге өз әсерін тигізуде. Дегенмен, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор басшыларының әрекеттері әшкереленген.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*