«Мемлекеттік қызметкерге қарапайымдылық қажет»

Атырау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық»  атты 2016-2021 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша көшпелі комиссиясының кезекті отырысы өтті.  Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина қатысты.

парламент депутаттары – ел ішінде3

Аталған комиссия отырысын облыстық мәслихат депутаты, «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша партиялық куратор Ерсайын Дүйсемәлиев ашып, жүргізсе, алғашқы сөзді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша комиссия төрайымы Майра Айсина алды.

Қазіргі таңда, шыны керек, құжатсыз күніміз жоқ. Нәрестенің өмірге келуінен бастап, оның үлкен азамат болып қалыптасуына дейінгі аралықта, сондай-ақ, мекен-жайды өзгерту, жаңа жерге ие болу, түрлі құжаттар алу, жеке бас куәліктері мен төлқұжаттарын ауыстыру, қайта жасату – бәрі  барша адамды айналып өтпейтін жаңалықтар. Осы мәселелер төңірегінде шешіле сөз қозғаған Майра Арапқызы біраз міндеттерді де атап көрсетті.

– Елбасымыз жариялаған  бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзінші қадамы – халық үшін ең маңызды қадам. Өзім «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша комиссия төрайымы болғандықтан, нақ осы мәселе бойынша шалғайдағы Канада еліне арнайы іссапармен бардым. Таңқаларлығы сол, олардың халыққа қызмет көрсету орталықтары аядай ғана шағын бөлмелерде жүзеге асады екен. Әсіресе, олардың шаруасы түсіп келіп жататын адамдарды қабылдаулары ерекше көрінді. Орталық қызметкерлерінің ауызбірліктері мен еңбекқорлықтарына сондай риза болдым. Кіребе-рістегі қабырғаға күз бен қыс айларында болатын жұқпалы тұмау ауруының алдын алатын арнайы жабдық ілінген. Сіздерге де түрлі шаруаларымен бас сұғатын келушілер үшін осындай жағдай неге жасамасқа?

Ал, сіздерде мәжіліс өткізетін мынадай кең зал бар екен. Ме-ніңше, мұның қажеті шамалы. Одан да бұл залды халықты қабылдайтын жерге айналдыру керек. Сосын басшы мен оның орынбасарлары отыратын кабинеттеріңіз де кең көрінді. Депутаттық қызмет атқарып отырған біздің жұмыс кабинеттеріміз – бар болғаны жұмыс үстелі мен орындығымыз сиятын аядай ғана бөлме.  Әңгіме отырған кабинеттің көлемімен емес, атқарып отырған жұмысыңыздың нәтижесімен өлшенеді деп ойлаймын, – деді ол.

Комиссия отырысында, сондай-ақ, Атырау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Тұрлан Нұржанов, Атырау облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Мұра Қаржауов, Атырау облысы бойынша әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы директоры Гүлмира Есқалиева өздері атқарып отырған жұмыстарынан ақпар берді. Астаналық депутат баяндамашыларға қажет же-рінде сауал қойып, өз ойымен бөлісті, кеңес берді.

Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*