МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КӘСІПКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ АЯСЫН КЕҢЕЙТЕ ТҮСЕДІ

 

Мемлекеттік сатып алу үдерісі жылдық жоспар жасаудан басталатын. Енді тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының ұсынысымен мемлекеттік сатып алудың алдын-ала жылдық жоспарын дайындауға құқылы. Бұл құжат жылдық жоспар бекітілгенге дейін қолданылады.

Жылдық жоспарда бұрынғы заңда көрсетілген талаптармен қатар, сәйкестендіру коды мен шарттары қамтылуға тиіс. Сонымен қатар, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде инновациялық, жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу басымдығын негізге алуға тиіс.

Заңда мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу туралы жаңа бап енгізілген. Мониторингтеу рәсімі арнайы веб-портал арқылы барлық ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, заңда мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және олардың жұмысын негізсіз күрделендіретін, шартта бекітілген міндеттемелерден тыс біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейтіндігі нақты атап көрсетілген.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға да өзгеріс енгізілді. Енді тапсырыс беруші веб-портал арқылы конкурс (аукцион) тәсілімен жеңімпаз анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шарттың жобасын жібереді.

Бір ескеретін жайт, осы заңның 26-бабына сәйкес, өнім беруші өз міндеттемелерін орындамаса, мемлекеттік сатып алу шарты бұзылады. Бұл жағдайда тапсырыс иесі өнім берушінің аукционға қатысуға салған қаржысын қайтармайды. Бюджет пен мемлекеттік кәсіпорынның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісі болып табылады.

 Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

 

Еркебұлан  Мараимов, Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы:

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында осы мақсатта пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілерге теңдей мүмкіндік беру көзделген. Сондай-ақ, олардың арасындағы әділ бәсекелестік, сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы сақталып, отандық тауар өндірушілерге барынша көрсету қарастырылған.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*