МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу рәсімін орталықтандыру үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу және 3 және 6 айдан кейін сынақ мерзімдерін белгілеу көзделген. Бұл мемлекеттік қызметтің беделін одан әрі өсіруге, лауазымдық жауапкершілікті көтеруге оң әсерін тигізері сөзсіз.

Мемлекеттік қызметкердің жалақысын қызметінің нәтижесі бойынша өсіру, ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жекешелендіру құқынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру,  мемлекеттік қызметшілерге арнайы мемлекеттік қолдау көрсету жайы міндеттелді.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты құруды қамтамасыз етуде 14-қадамда айтылғандай, барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау қажеттігі туындап отыр. Міне, осы заң қабылданғаннан кейін, 15-қадамда іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің жүзеге асырылатындығы жүйені жаңаша реформалау қажеттігін көрсетеді.

Осы мақсатты іске асыруда мемлекеттік аппарат қызметінің функционалдылығы мен тиімділігін барынша жоғарылатудың маңыздылығы ерекше. Алдағы уақытта ел үшін адал қызмет ететін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және олардың  кәсіби деңгейін жоғарылату кезінде меритократия қағидатын күшейту, барлық мемлекеттік органдарда арнайы басқару құрылымдары мен тетіктерін жетілдіру, тәртіптік және этикалық бақылауды күшейтіп, корпаративті мәдениетті жетілдіру жолында және заманауи технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату бойынша жұмыс жасау қажеттігі заман талабынан туындап отырғаны да түсінікті. 

Сайып келгенде, мұның бәрі, мемлекеттің және мемлекеттік қызметтің беделін өсіру, лауазым иелерінің жауапкершілігін онан сайын арттыру болмақ екені сөзсіз. Бұл дегеніңіз, қазіргі заманғы мемлекетті қалыптастырып, іргесін бекемдеудегі кәсіби мемлекеттік аппараттың атқарар рөлінің маңыздылығын айқын көрсетеді.

Жансих МАШТАХОВ,

Исатай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*