Мектептер жанынан 27 спорт алаңы салынады

Атырауда мектептер жанынан 27 спорт алаңы салынады. Жалпы білім беретін мектептерге арналған спорт алаңдарын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтті, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

20180724_112637(1)

Қазіргі уақытта үш спорт алаңының ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алды және №16, №17 және №5 мектептерде демеушілер есебінен салынды. Осы жылдың соңына дейін инвестордың қаржылық қолдауымен тағы үш алаң салады.

Спорт алаңдарында қоршаулар мен жарық орнатылады. Ол баскетбол, футбол, волейбол, ұзындыққа секіруге және жаттығуға арналған алаңдардан тұрады. Алаңдар тек мектеп оқушыларына ғана емес, көршілес үйлердің балалары үшін де ашық болады деп жоспарлануда, – деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаров.

Бұдан басқа, Амангелді, Дамба және Ақсай ауылдарында, сондай-ақ Қайнар тұрғын алабында, Бірлік және Химпоселок елді мекендерінде көпфункционалды спорт нысандарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Атырау қаласындағы Гайдар көшесі 25, Нұрсая, Н92, Самал, Нұрсая-3, Привокзальный №3 үй, ауданы №10, 11 үй мекен жайларында бес спорт алаңын салу үшін конкурс жарияланды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*