Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы өсірілмек

Министрлік мектеп директорлары мен орынбасарларының ақысын дифференциялдау мүмкіндігін қарастыруда.
tenge_3

Білім және ғылым министрлігі мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын өсіруді қарастырып жатыр. Бұл туралы мәжілісте мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері талқыланып жатқан отырыста вице-министр Асхат Аймағамбетов айтты.

“Мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмасына сәйкес, мұғалімдердің үстемеақысы өсіп отыр. Бірақ мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының еңбекақысына қатысты мәселе бар. Біз бұл мәселені аттестация арқылы шешуді жоспарлап отырмыз. Қазір мектеп директорлары азаматтық қызметкерлер ретінде үш жылда бір рет аттестациядан өтеді. Шағын мектеп болса да, үлкен мектеп болса да, тіпті директордың жұмысының тиімділігіне де қарамастан оның жалақысы өспейді, үстемақы жоқ. Әріптестерімізбен талқылаудамыз. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының еңбекақысын дифференциялдау мүмкіндігін қарап жатырмыз”, — деді вице-министр.

Еске сала кетсек, Елбасы биылғы жолдауында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырған болатын. Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.
Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*