Мекенжай анықтамасын Telegram арқылы алуға болады

Енді мекенжай анықтамасын Telegram арқылы алуға болады. Ол үшін egov.kz порталындағы профиліңізге телефоныңызды қосып қойсаңыз жеткілікті.

telegram

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов хабарлады.

Кеше Telegram-бот (@EgovKzKenesBot) іске қосылды, мұның көмегімен сұранысқа ие негізгі төрт қызмет көрсетуді SMS арқылы алуға болады (мекенжай бойынша анықтама, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысы, сотталмағандығы туралы анықтама, жылжымайтын мүлік туралы анықтама)”, — деді ол.

Бот қызметін қолдану үшін азаматтардың мобильді деректеріне тіркеліп, содан соң egov.kz порталындағы профильге ұялы телефонды қосу керек. Алған құжатты телефонда сақтауға немесе email адреске жіберуге болады.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*