Жүрек талмасы жиілеп кетті (+ФОТО)

487a290e a918 4bdf 88ee a991d941b265 1 Медицина

Бүгінде халық арасында өлім-жітімге жиі әкелетін дерттің бірі – жүрек аурулары. Оның алдын алу және науқасқа дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету қашан да маңызды. Осы орайда облыстық «жедел жәрдем» стансасының мамандары Атырау медицина колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің түлектерімен кездесіп, семинар-тренинг ұйымдастырды.

69c0bff0-1422-41a9-8f19-cc1da88cb01e

b69f0bd6-6703-4ab9-b6d5-be90f92069ca

Аталған оқу орнының симуляциялық орталығында өткен шарада «жедел жәрдемшілер» жүрек ауруы кезінде науқасқа дер кезінде көрсетілетін әдіс-тәсілдерді және кеңейтілген реанимациялық шараларды үйретті. Тренинг кезінде еуропалық стандартқа сәйкес жоғары деңгейдегі робот-симуляторлар және басқа да құрал-жабдықтар қолданылды.  Ақхалаттылар жүрек талмасы ұстаған адамға жанындағылар шұғыл «жедел жәрдем» шақырып, олар жеткенше қол қусырып тұрмау қажеттігін де баса айтты. Мұндай жағдайда қолдан демалдыру, көкірек қуысына орташа қысыммен массаж жасаудың қыр-сырын көрсетті. Болашақ фельдшерлер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.

8d30e913-3860-4068-b315-22a3bcd3c54b

487a290e-a918-4bdf-88ee-a991d941b265 (1)

Айта кету керек, колледждегі симуляциялық орталық биыл жетінші деңгейдегі робот-маникендермен, жедел көмекке қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылды. Мұнда болашақ сала мамандарының білімін жан-жақты жетілдіруде барлық жағдай жасалған.

29765b02-6a2e-48d4-8b1d-a7baf83c8b00

Лаура ҚЫРЫҚБАЙҚЫЗЫ,

облыстық «жедел жәрдем» стансасы

кардиологиялық №1 бригадасының дәрігері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз