«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Атырау филиалында – жаңа басшы

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/9 қаңтар, 2020 жыл. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының директоры болып Сәбит Құралбек тағайындалды. Еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев жаңа басшыны ұжымға таныстырып, оның алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Сәбит Райымбекұлы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің түлегі, «дәрігер ісі» мамандығын меңгерген. Сондай-ақ, Қарағанды «Казпотребсоюз» экономикалық университетін «экономика мамандығы» бойынша тәмамдаған.

Денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар маман әр жылдары еліміздің жетекші медицина мекемелерінде дәрігер-хирург, бас маман қызметтерін атқарды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларында да бөлім басшысы болып, жетекшілік қызметтерде абыройлы еңбек етті.

Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар комитеттерінің департаменттерінде бас маман, директорлық лауазымдарды да атқарды. Сондай-ақ, аталмыш қордың Алматы облыстық филиалында директор  болды. Кейіннен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-да аға менеджер, өткен жылдан бастап бүгінге дейін аталған қор төрағасының  кеңесшісі лауазымдарында қызмет етті.

Естеріңізге сала кетсек, қор филиалының бұрынғы директоры Байтолла Ғазизов Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *