Медицинаны жаңғырту – басты талап

Screenshot 1 Медицина

Жолдау жолдарынан:

«Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады»

Screenshot_1

Халықтың денсаулығын басты назарда ұстайтын Елбасы биылғы Жолдауында да бұл мәселені қалыс қалдырмады. Жергілікті жердегі медициналық-санитарлық қызметті күшейту қажеттігін алға қойып, сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды.

Осынау жаңалықты естіп, ақхалаттылардың көңіліне қуаныш ұялап жатқаны рас. Өйткені, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Олар уақытпен санаспай, алдына келген науқасты тексеруден жалықпайды.

Облыстық перинатальдық орталық туралы айтар болсақ, бүгінде ана мен бала саулығы үшін жан аямай қызмет етіп жатқан 587 медицина қызметкері бар. Оның ішінде 54-і дәрігер, 224-і орта буын сала қызметкері. Олардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндетті жауапкер-шілікпен атқарып жатқаны рас.

Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті.  Осы бағытта перинатальдық орталықта ана мен бала саулығын қорғап, олардың арасындағы өлімді болдырмау үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес.  Осының нәтижесінде былтырмен салыстырғанда ана өлімі мен аурушаңдық деңгейі азайды. Күніне жетпей босанулардың алдын алудағы жұмыстарға басымдық берілуде. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталықты қажетті заманауи құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғаса береді.

 

Қуаныш НЫСАНБАЕВ,

облыстық перинатальдық орталықтың директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз